Әке туралы жыр


Facebook    Вконтакте    Google    Twitter    RSS

Facebook

Санақ

ZHARAR сайтында:

сұрақ жауап сайты сұрақ қою қазақша



ZHARAR сайта

Әке туралы жыр Қазақша Құттықтау - Тілектер жинағы,  Мақал - Мәтелдер жинағы, Қазақша Тақпақтар жинағы, Фильм Қазақша, Ашық сабақтар жинағы, Қазақша Анекдоттар жинағы, Қазақша Клип, Шығармалар жинағы, Қазақша Рефераттар жинағы, Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Өлеңдер жинағы

Әке туралы жыр



Әні Н.Тілендиевтікі

Сөзі М.Шахановтікі





Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.



Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.



Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.



Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.





Ілмектер: Әкеге Өлең, Әке, олен, Әке туралы жыр, Әке туралы жыр,


ZHARAR

Қазақша портал | Қазақша Фильм, Концерт, Құттықтау - Тілек, Мақал, Ашық Сабақ, Презентация (слайд) Тақпақ, Клип, Анекдот, Шығарма, Жаңалық Реферат, Бата мен Өлеңдер жинағы

Google+

Оқырмандар ұсынады...


Ілмектер жиынтығы: