Қазақша тәрбие сағаттар жинағы: Құрбылар сайысы тәрбие сағаты
 
 
          ZHARAR | Қазақша Фильм, Құттықтау - Тілек, Слайд, Мақал, Ашық Сабақ, Тақпақ, Клип, Анекдот, Шығарма, Реферат пен Өлеңдер жинағы    BilimKozy - Ақпараттық портал !!! » KZ » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы » Қазақша тәрбие сағаттар жинағы: Құрбылар сайысы тәрбие сағаты
 
Мәзір
Үздіктер


ZHARAR


Мысалға: Фильм өкініш, Фильм сұлу бойжеткен, 25 мамыр соңғы қоңырау, 9 Мамыр

Қазақша тәрбие сағаттар жинағы: Құрбылар сайысы тәрбие сағаты
Автор: Жумабике :: Бөлім: KZ » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы :: Таңдамалыға қосу:  Таңдамалыға қосу (BilimKozy - Ақпараттық портал)
Қазақша тәрбие сағаттар жинағы: Құрбылар сайысы тәрбие сағаты


Мақсаттары:
8наурыз-аналар мен қыздар мерекесін атап өту.Отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың өмірі,өмір гүлі-аналарды,нәзік жанды ару-қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.
Қыз балаларды өнерлі, инабатты,ақылды да парасатты болуға баулу.
Ер балаларды қыз балаларға қамқор,жанашыр болуға, қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Плакаттар: «Мерекеңізбен!»
«Ана-біздің күніміз!»
«Өмір гүлі-арулар.»
Гүлдер,шарлар.
ТСО:магнитафон,үнтаспа.
Құрбылар сайысының өтілу жоспары.
Өтілу жоспары:
Ібөлім:Аналарға арнаймыз!(әдеби-музыкалық монтаж)
ІІбөлім:Құрбылар сайысы.(конкурс)
ІІІбөлім:Таң қалмаңыз!(сыйлықтар ұсыну)
ІҮбөлім:Қорытынды.

Өту барысы:
І «Аналарға арнаймыз!»
-Міне,көгілдір көктем де келіп жетті.Қар еріп,жылғалардан су ақты.Көктем жаршысы-бәйшешектер бүр жарды.Жыл құстары да келе бастапты.Олармен бірге көктемнің алғашқы мерекесі-8наурыз-халықаралық әйелдер күні-аналар-әжелер,қыздар мерекесі де келді!Ана-өмірдің гүлі, отбасының берекесі,бүкіл адамзатқа өмір сыйлаушы.Олай болса,аналарға арнаймыз…
1.Ана-біздің елде ардақты адам,
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы-Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.

2.Ана деген-асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.

3.Ана деген-ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!

4.Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.

5.Мамам менің,ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған.
Менсіз күні батпаған,
Мен ұйықтамай жатпаған.

6.Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы анашым!



7.Бәрімізге анасың,
Біз үшін көп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын мамашым!

8.Ана-біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!

9.Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім ала келді.
Қуанышты күнменен
Құттықтаймыз сіздерді!

10.Келбетіңде ұлылық,
Далададан кең пейілі.
Ана деген-жылылық,
Ана деген-мейірім.
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық,расында.
Күн алыста,ал анам,
Ылғи менің қасымда.
ӘН: «АҚ МАМАМ»
ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР алқасын сайлап алу.
ІІ «Құрбылар сайысы»
-Біздің қыздар-білімді,
Меңгерген бар ілімді.
Біздің қыздар-елгезек,
Алады тез тіліңді.
Сыныбымыздағы ақылды,білімді,елгезек,инабатты,парасатты аруларымыз топтасып,алдарыңызда өнерлерін ортаға салмақшы.Қарсы алыңыздар:
«Жұлдыздар»тобы!
«Қызғалдақ»тобы!
«Бәйшешек»тобы!
-Өнер қуып арулар өтер деймін,
Өздерінің өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түсер топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер деймін!
Таныстырсын өздерін,
Тамылжытып сөздерін!
1.Сәлемдесу:
«Жұлдыздар»- Жұлдыздай жайнап жүреміз,
Бақытты өмір сүреміз!
«Қызғалдақ»-Қызғалдақтар,сарғалдақтар,
Қызғалдақты әркім мақтар!
«Бәйшешек»-Бәйшешек-алғашқы гүл,
Жарыста алға ұмтыл!
2.Үй тапсырмасы:
(Дайындап келген тағам түрін,жасалу жолын айтып беру.Аналардың көмегіне жүгіну)-Салат,пирог,десерт.
3.Ширату сұрақтары:
Шарты:Әр топ мүшелері ортаға шығып,1әріпті таңдайды.Берілген сұраққа сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
1.Атың кім?(С)-Самал
2.Құрбыңның аты кім?-Саяжан
3.Қайдан келдің?(қала,ауыл аты)-Сараннан
4.Нені жақсы көресің?-Самсаны
5.Фамилияңды(тегіңді)айт.-Смағұлова
6.Жануардың атын айт.-Сілеусін
7.Қандай өсімдікті білесің?-Сәбіз
8.Ер баланың атын айт.-Саят
9.Қандай көлікке міндің?-Самолетке
10.Нешеге дейін санай аласың?-Сегізге дейін.
4.Өнер сайысы:
-Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Қыздар шығып ортаға
Би де билеп,ән де салып береді.
(ӘН-БИ сайысы) Қыздар дайындаған түрік,вальс(ер балар көмектеседі),қазақ билерін билейді.
Топтағы қыздар киім ауыстырып даярланғанша ер балалармен сұрақ-жауап ойынын ойнау.(ширату сұрақтары бойынша)
5.Мәнерлеп оқу сайысы:
Әр топ ана,көктем тақырыбына арнап жаттап келген өлеңдерін оқиды.(авторын айту керек)
6.Әртістік қабілетті көрсету сайысы:
«Өнерлі өрге жүзеді»деген халық даналығы бар.Ендеше,біздің қыздар өздерінің аға-апаларына ұқсап актерлік таланттарын көрсетпек.Қарсы алыңыздар!
(Әр топ ер балалардың көмегімен «тамашадан» көріністер көрсетеді)
7.Мақал-мәтел сайысы:
Дана халқымыз «Өнер алды-қызыл тіл»деп бекерге айтпаған.Мақалдап,мәтелдеп сөйлемейтін қазақ кемде-кем.Біздің құрбыларымыз қандай мақал-мәтелдер біледі екен?(топтардағы барлық қыз бірін-бірі қайталамай 2-3мақалдан айту)
Топтағы қыздардар киім үлгісін көрсетуге дайындалғанша аналармен «Әндер сақинасы»ойынын ойнау.(бір ана ән бастайды,келесі ана жалғастырады)
8. «Сән-2012»киім үлгісі сайысы:
-Сыры мен қарап барлық сымбатына,
Қызды жұрт қылығымен әсем деген.
Бүгінгі мерекеде біздің қыздар
Көрсетеді киімдерді «Сән-2012»деген!
Алдарыңызда «СӘН-2012»киімдер шоуы!(кешкі,спорттық,ауа-райына байланысты 3түрлі киімдерді көрсету)
9.Суретшілер сайысы:
-Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Қолдары өнерлі суретші қыздар 8-наурызға арнап,сурет салады.
Олар сурет салғанша,ойын ойналады.
«Жүрекке жылы сөздер»(ұлдар анам қандай? деген сұраққа жауап болатын сөздер тізбегін айтады)-мейірімді,ақылды,сабырлы,әйбат,т.б.
10.Қоштасу:
-Көңілді көтердік біз мерекеде,
Әжелер,аналар мен қыздар үшін.
Қаттырақ соғайықшы алақанды,
Келгенде алдымызға қыздар біздің.
Әр топ 8-наурызға тілек айтып қоштасады.
ІІІ. «Таң қалмаңыз!»
-ҚЫЗ сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде-сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.БІЛІМДІ болыңдар!

-Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Көңілге жайлы сәт келді!Ару-қыздарымызды марапаттау сәті туды.
-Келесі кезек -әділ қазылар алқасы,сіздерде!(Әр топтағы қызға мадақтау қағазда-
ры тапсырылады,ашық хаттар(открытка)беріледі.)

ІҮ. «Қорытынды»
ӘН: «Біз-Отанның ұланымыз.»

-Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де,гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық!
Құрметті АНАлар,мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!Білімді де сүйкімді,өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай,ұзақ өмір сүріңіздер!


Бұл тәрбие сағаты 8наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне
орайластырып құрылған.Аналарды көгілдір көктемнің әдемі мейрамымен құттықтай отырып,қыздарының икемділіктерін,өнерлерін көрсетуге бағытталған шара.Сыныптағы оқушыларды достыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Мерекелік көңіл-күй сыйлайды.



Біздің БілімКөзі - ақпараттық порталы сайтына Сізде жаңалық қоса аласыз. Өзіңіздің қажетті және қызықты жаңалығыңызды БілімКөзі арқылы жариялау үшін сайтқа тіркеліп немесе сайтқа кіріп жаңалық қосу деген батырманы басыңыз.


Ілмектер: Қазақша тәрбие сағаттар жинағы: Құрбылар сайысы тәрбие сағаты, қазақша тәрбие сағат, тәрбие сағат, Тәрбие сағаттар жинағы




Facebook, Google +, ВКонтакте, Twitter, Мой Мир немесе ОдноКлассники аккаунтіңізбен кіріп Пікір, Сұрақ немесе Қосымша ақпарат қалдырыңыз:
 
 

© 2011-2013 BilimKozy - Қазақша ақпараттық портал
БілімКөзі - ақпараттық порталында, сіз қазақша құттықтау - тілектер , қазақша тақпақтар , қазақша ашық сабақтар , қазақша тәрбие сағаттар , казакша мақал - мәтелдер , қазақша шығармалар , казакша рефераттар , қазақша бата - тілектер және казакша өлеңдер жинағын тегін қарап, қалауыңыз бойынша жүктеп ала - аласыз. Сайтта жарияланған барлық материалдар сол жариялаған автордың құқығында. Егер де сіздің авторлық құқығыңыз бұзылса тікелей сайт әкімшісіне хабарлаңыз.
E-mail: MrZHARAR@vk.com