Бала бақшаға арналған қазақша ашық сабақтар жинағы: «Қыс қызығы»


Facebook    Вконтакте    Google    Twitter    RSS
Lamoda KZ

Facebook

Санақ

ZHARAR сайтында:




Lamoda KZ

Бала бақшаға арналған қазақша ашық сабақтар жинағы: «Қыс қызығы» Қазақша Құттықтау - Тілектер жинағы,  Мақал - Мәтелдер жинағы, Қазақша Тақпақтар жинағы, Фильм Қазақша, Ашық сабақтар жинағы, Қазақша Анекдоттар жинағы, Қазақша Клип, Шығармалар жинағы, Қазақша Рефераттар жинағы, Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Өлеңдер жинағы

Алматы облысы, Райымбек ауданы
№2 Кеген орта мектептің «Еркетай» шағын орталығы
Сабағы: Ай мен күн мүсіндеу Автор: Сыгаева А.Б


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге үйрету. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, касса, үлестірмелі материалдар.Ойынға қажетті заттар.
Әдіс-тәсілі: Сөздік, көрнекілік,практикалық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: «Жылулық шеңбері»
-Армысыз, шұғылалы алтын күн!
- Армысыздар қонақтар!
- Армысыздар апайлар!
-Сәлем,сәлем достар!!!
Психологиялық сәт. Балалар бүгінгі сабағымызда бір-бірімізге жақсы сөздер, тілектер айтумен бастайық.Аспанымыз ашық болсын. Заманымыз тыныш ,денсаулығымыз мықты болсын!
 Енді барлығымыз орнымызға отырайық.
 Балалар бір жылда неше мезгіл бар? 4
 Ал қазір жылдың қай мезгілі? /қыс/
 Қыста ауа райы қандай болады? /суық, аяз, боран, /
 Қыста не жауады? /қар/
 Қардың түсі қандай? /ақ/
 Сендер бақшаға қалай киініп келесіңдер? /қалың киініп/
Қысқы ойындарды атайықшы. «Қар атпақ», Шанамен, шаңғымен сырғанау, аққала жасап ойнау.
Енді, Қыс қызығына байланысты өлеңдерді айтайық.
Ауыл сырты-биік жар-
Бізді күтіп тұр қарап.
Төбесіне шығып-ап,
Жөнелеміз сырғанап.

Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бау-бақшаны, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
Сергіту сәті.
Балаларды топқа бөлу.
І топ: «Ертегіні жандандырушылар»
ІІ топ: «Тапқырлар»
ІІІ топ: «Тілшілер»
Тапсырмалар: І топ: «Алдар мен бай» кейіпкерлендіру.
ІІ топ: Жұмбақ айту /қыс мезгіліне сай/
ІІІ топ: Сурет бойынша сөйлеу.
Дидактикалық ойын: «Қар қиыршықтарын кім тез жинайды?»
Қимылды ойын: « Өзім киіп аламын»
 Шалбар киеміз
 Етік киеміз
 Пальто киеміз
 Орауыш тағамыз
 Қолғап киеміз
Енді, балалар «Қыс» суретіне қарайық. Ағаштарды не басқан? /қар басқан/ Ағашты қар басып тұрғандықтан, аппақ күмістей жалтырап тұр. Қазір мен сендерге ағаштың үстіне қылқаламмен қар суретін салып көрсетейін (қылқаламды ақ бояуға батырып сүйкей жағу арқылы қар салу)
«Қыс қызығы» сабағымыз өздеріңе ұнаса «Қыс қызығы» өлеңін бәріміз қосылып айтайық.
Қорытынды : Балалар бүгінгі сабақта біз қай мезгілді әңгіме еттік. Сабақ ұнады ма? Осымен сабағымыз аяқталды.
Балаларды мақтау- мадақтау.





Ілмектер: Бала бақшаға арналған қазақша ашық сабақтар жинағы, Бала бақша ашық сабақ, Бала бақша қазақша ашық сабақтар жинағы, Бала бақшаға арналған қазақша ашық сабақтар жинағы: «Қыс қызығы», Бала бақшаға арналған қазақша ашық сабақтар жинағы: «Қыс қызығы»,


ZHARAR

Қазақша портал | Қазақша Фильм, Концерт, Құттықтау - Тілек, Мақал, Ашық Сабақ, Презентация (слайд) Тақпақ, Клип, Анекдот, Шығарма, Жаңалық Реферат, Бата мен Өлеңдер жинағы

Google+

Оқырмандар ұсынады...


Ілмектер жиынтығы: