Қазақша түйіндеме Үлгісі (қазақша түйіндеме / резюме)


Facebook    Вконтакте    Google    Twitter    RSS
Lamoda KZ

Facebook

Санақ

ZHARAR сайтында:



Lamoda KZ

Қазақша түйіндеме Үлгісі (қазақша түйіндеме / резюме) Қазақша Құттықтау - Тілектер жинағы,  Мақал - Мәтелдер жинағы, Қазақша Тақпақтар жинағы, Фильм Қазақша, Ашық сабақтар жинағы, Қазақша Анекдоттар жинағы, Қазақша Клип, Шығармалар жинағы, Қазақша Рефераттар жинағы, Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Өлеңдер жинағы

Соңғы жылдары түйіндеме құжаты түрі кең таралып отыр. Түйіндеме кәсіпорынға, жұмысқа қабылдау алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл түйіндеме құжатының басты мақсаты - өзін - өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Түйіндеменің жасалуы еркін болады. Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тәжірибесі, жеке жетістіктері, кәсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мәліметтерді түйіндемеге қысқа әрі нұсқа етіп тізіп жазады. Жұмысқа алушы адам түйіндеме құжатына қарап, үміткер туралы жан-жақты мағлұмат алады. Әңгімелесуге шақыруға болатын болмайтындығын анықтайды. Сондықтан, жаңа жұмыс іздеп жүрген жан үшін, түйіндемені тартымды етіп жазудың маңызы зор.

Түйіндеме үлгісі



Қазақша түйіндеме Үлгісі (қазақша түйіндеме / резюме)
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Түйіндеме (Резюме)

Резюме (фр. тілінен алынған термин; “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді) Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Қазақша түйіндеме Үлгісі (қазақша түйіндеме / резюме)





Ілмектер: Қазақша, Қазақша түйіндеме Үлгісі (қазақша түйіндеме / резюме), Қазақша түйіндеме Үлгісі (қазақша түйіндеме / резюме),


ZHARAR

Қазақша портал | Қазақша Фильм, Концерт, Құттықтау - Тілек, Мақал, Ашық Сабақ, Презентация (слайд) Тақпақ, Клип, Анекдот, Шығарма, Жаңалық Реферат, Бата мен Өлеңдер жинағы

Google+

Оқырмандар ұсынады...


Ілмектер жиынтығы: