Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу туралы қазақша ашық сабақ


Facebook    Вконтакте    Google    Twitter    RSS
Lamoda KZ

Facebook

Санақ

ZHARAR сайтында:




Lamoda KZ

Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу туралы қазақша ашық сабақ Қазақша Құттықтау - Тілектер жинағы,  Мақал - Мәтелдер жинағы, Қазақша Тақпақтар жинағы, Фильм Қазақша, Ашық сабақтар жинағы, Қазақша Анекдоттар жинағы, Қазақша Клип, Шығармалар жинағы, Қазақша Рефераттар жинағы, Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Өлеңдер жинағы

Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: §40 Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жануарлардың әртүрлілігімен, олардың құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру, негізгі жүйелік топтарға жіктеу арқылы білім беру
ә) Дамытушылық: Жануарлардың сан алуандығын өсімдіктермен
салыстыра отырып, оқушылардың ой – өрістерін арттыру, дамыту
б) Тәрбиелік: Оқушыларды жануарларға қамқорлықпен, жанашырлықпен
қарауға, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни экологиялық тәрбие беру
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Көрнекілік: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, математика
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
3. Сабаққа даярлау
ІІ. Жаңа сабақ
Сабақты бастамас бұрын жануарлар әлемі туралы видеоролик көрсетіледі. Осыдан сұрақ туындайды:
1. Жануарлардың өсімдіктермен салыстырғанда саны қанша?
2. Неліктен әрбір жануарлардың сыртқы пішіндері әртүрлі?

Греция ойшылы Аристотель б.з.д. 384-322 жж аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген.

Карл Линней (1707 – 1778)
Қосарлы атаутізімді енгізді. Мысалы: Ақ түбітті үйқоян, Күміс түсті үйқоян, Ақкіс үйқояны. «Ақ түбітті», «Күміс түсті», «Ақкіс» сөздері жеке түрге ғана қолданылады. Барлығына ортақ – екінші атау «Үйқоян».

Жозеф Питон де Турнефор (1656-1708). ХVІІ ғасырдың соңында класс ұғымын енгізді.

1825 жылы француз зоолог-анатомы Анри Мари Бленвиль «Тип» терминін ұсынды.

Жануарларды жіктеу сызбанұсқасы: түр туыс тұқымдас отряд класс
тип жануарлар дүниесі
Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеудегі айырмашылықтар:
Өсімдіктерде Жануарларда
Өсімдіктер дүниесі Жануарлар дүниесі
Ашықтұқымдылар бөлімі Қарапайымдар типі
Бүрлі өсімдіктер класы Плазмалылар класы
Қылқан жапырақтылар тұқымдасы Тамыраяқтылар тұқымдасы
Қарағай туысы Амеба туысы
Түрі – кәдімгі қарағай Түрі – кәдімгі амеба
ІV. Бекіту Тест
1. Жануарларды зерттейтін ғылым саласы
А) ботаника в) зоология С) гельминтология Д) Анатомия
2. Жүйелеудің атасы деген атқа ие болған кім?
А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк
3. Жүйелеудің ең кіші өлшем бірлігі
А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр
4. Класс ұғымын енгізген кім?
А) Бленвиль в) Турнефор С) Линней Д) Ламарк
5. Төменгі сатыдағы жануарларды тап.
А) қандауырша в) құстар С) сүтқоректілер Д) балықтар
6. Омыртқасыз жануарларды тап
А) жорғалаушы в) қосмекенділер С) бунақденелілер Д) қабықтылар
7. Ғаламшарымыздағы жануарлар саны
А) 1млн в) 1,5млн С) 1,5мың Д) 1мың
8. Барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру қалай аталады?
А) Жіктеу в) Жүйелеу С) топтау Д) Біріктіру
9. Жүйелеудегі ең жоғарғы өлшем бірлігі
А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр
10. Жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген кім?
А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк
V. Жұмбақ жануарлар
1. Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. (қораз)
2. Бұл үй жануары Библияда аты аталмаған жалғыз жануар, бірақ суретші Альбрехт Дюрер бұл үй жануарын Адам ата мен Хауа ананың аяқ жағында бейнелеген. Ресейде Мәскеу көпестері бұл жануарды семіртіп сайысқа қатыстырған. (Мысық)
3. Бұл құс Жаңа Зеландия символдарының бірі және дәл осылай аталатын өсімдік бар. Жемісін жеуге болады. (Киви)
4. Бұл таңғажайып секіруші аңға құйрығы денесін біркелкі ұстауға көмектеседі. (Кенгуру)
5. Бұл табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар. Тұщы су қоймаларында мекендейді. (Кірпікшелі кебісше)

VІ. Сергіту сәті
Жануарлардың қызықты сәттерінен видеоролик тамашалау
VІІ. Үйге тапсырма
1. §40 «Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу» тақырыбын оқу
2. Жануарлардың сан алуандығын зерттеуде үлес қосқан ғалымдар туралы іздену
3. Жануарлар мен жәндіктердің әртүрлілігі жөнінде сурет салу
VІІІ. Қорытынды
1. Жануарларды дене құрылысының ерекшеліктеріне байланысты неше топқа бөледі?
2. Желілер типі деп неге аталған?
3. Адамдар жануарларға жата ма?
4. Қосарлы атаутізімді енгізген және жүйелеудің атасы деп кімді айтаыз?
5. Жануарларды жіктеу сызбанұсқасын ата
ІХ. Бағалау
Үй тапсырмасын ұқыпты орындап, сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалаймын






Ілмектер: Қазақша Ашық Сабақ, Қазақша Ашық Сабақтар, Ашық Сабақ, Биологиядан Ашық Сабақ, Биологиядан Қазақша Ашық Сабақ, Ашық Сабақтар сайты, Ашык Сабак, Казакша Ашык Сабак, Биология сабағынан Қазақша Ашық Сабақ, Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу туралы қазақша ашық сабақ, Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу туралы қазақша ашық сабақ,


ZHARAR

Қазақша портал | Қазақша Фильм, Концерт, Құттықтау - Тілек, Мақал, Ашық Сабақ, Презентация (слайд) Тақпақ, Клип, Анекдот, Шығарма, Жаңалық Реферат, Бата мен Өлеңдер жинағы

Google+

Оқырмандар ұсынады...


Ілмектер жиынтығы: