Шығарма » BilimKozy - Ақпараттық портал !!!
 
 
        ZHARAR | Қазақша Фильм, Құттықтау - Тілек, Слайд, Мақал, Ашық Сабақ, Тақпақ, Клип, Анекдот, Шығарма, Реферат пен Өлеңдер жинағы    BilimKozy - Ақпараттық портал !!! » Тегтер айналымы » Шығарма
 
Мәзір
Үздіктер


ZHARAR


Мысалға: Фильм өкініш, Фильм сұлу бойжеткен, 25 мамыр соңғы қоңырау, 9 Мамыр

Қазақша шығармалар жинағы: Туған жер туралы қазақша шығарма
Автор: Алихан :: Бөлім: KZ » Қазақша Шығармалар жинағы
Қазақша шығармалар жинағы: Туған жер туралы қазақша шығарма



Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады.

  14285 Толық нұсқасы...  

Қазақша шығармалар жинағы: Шоқан Уәлиханов туралы қазақша шығарма + видео
Автор: Алихан :: Бөлім: KZ » Қазақша Шығармалар жинағы
Қазақша шығармалар жинағы: Шоқан Уәлиханов туралы қазақша шығарма



Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедханафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

  2279 Толық нұсқасы...  

Қазақша шығармалар жинағы: Қожа Ахмет Йасауи туралы қазақша шығарма
Автор: Алихан :: Бөлім: KZ » Қазақша Шығармалар жинағы
Қазақша шығармалар жинағы: Қожа Ахмет Йасауи туралы қазақша шығарма



Кіріспе

Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

  1563 Толық нұсқасы...  

Қазақша шығармалар жинағы: Жаз туралы қазақша шығарма
Автор: Алихан :: Бөлім: KZ » Қазақша Шығармалар жинағы
Қазақша шығармалар жинағы: Жаз туралы қазақша шығарма


Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда.
Баларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады.Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады.

  3935 Толық нұсқасы...  

Қазақша шығармалар жинағы: Қыс туралы қазақша шығарма
Автор: Алихан :: Бөлім: KZ » Қазақша Шығармалар жинағы
Қазақша шығармалар жинағы: Қыс туралы қазақша шығарма


Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.

  14462 Толық нұсқасы...  

Қазақша шығырмалар жинағы: Күз туралы қазақша шығарма
Автор: Алихан :: Бөлім: KZ » Қазақша Шығармалар жинағы
Күз туралы қазақша шығарма


Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды.

  21556 Толық нұсқасы...  

Отан туралы қазақша шығармалар жинағы
Автор: Алихан :: Бөлім: KZ » Қазақша Шығармалар жинағы
Отан туралы шығармалар



Менің туған жерім- егеменді Қазақстан

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.



Туған жер

Беу, туған жер!

Сен ыстықсың біздерге.

Мың-мың дастан жатыр

Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?


  24558 Толық нұсқасы...  

 
 

© 2011-2013 BilimKozy - Қазақша ақпараттық портал
БілімКөзі - ақпараттық порталында, сіз қазақша құттықтау - тілектер , қазақша тақпақтар , қазақша ашық сабақтар , қазақша тәрбие сағаттар , казакша мақал - мәтелдер , қазақша шығармалар , казакша рефераттар , қазақша бата - тілектер және казакша өлеңдер жинағын тегін қарап, қалауыңыз бойынша жүктеп ала - аласыз. Сайтта жарияланған барлық материалдар сол жариялаған автордың құқығында. Егер де сіздің авторлық құқығыңыз бұзылса тікелей сайт әкімшісіне хабарлаңыз.
E-mail: MrZHARAR@vk.com